Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иран полициясы аймақтағы әріптестеріне есірткі трафигі туралы дабыл қақты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Соңғы бір жылда Иранда бір мың тонна есірткі тәркіленді. Басым бөлігі Ауғанстан және Пәкістанмен іргелес елдің оңтүстік-шығыс аумағынан табылды. Иран полициясы есірткі тарататын қылмыстық синдикаттарға жалғыз өзі төтеп беруі жылдан жылға қиындап баратынын алға тартып, дабыл қағып отыр, деп 24.kz хабарлайды. Иран Түркияға, ал одан кейін Еуропаға есірткі жеткізудің ең қысқа жолы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы бомба жарылып, төрт әскери қызметші жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясында жол жиегіне салынған бомба жарылысынан әскери автокөлік жарылып, төрт ауған әскери қызметшісі жараланды. Бұл туралы жергілікті үкіметтің ресми өкілі Гүль Ислам Саял мәлімдеді, деп жазады Синьхуа агенттігі. Оның айтуынша, оқиға түскі уақытта Арғандаб ауданындағы жолда орын алған, жарылыс салдарынан Ауғанстан ұлттық армиясының төрт мүшесі жарақат алған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирия астанасында көлік жарылысынан бір адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сейсенбі күні кешке Сирия астанасында бомба қойылған автокөлік жарылысы болды, салдарынан  бейбіт тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі САНА мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Дамаск полиция басқармасы жеңіл автокөлік қала орталығындағы туннельде жарылды, деп хабарлайды.  Жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция мәлімдеуінше, террористер автокөлікке бомбаны алдын ала салған. Бұл Дамаскіде осы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Фолькмарзен қаласындағы оқиға лаңкестік әрекет пе?

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан.  Германиядағы Фолькмарзен қаласында карнавал шеруі кезінде «Мерседес» автокөлігі жиналған адамдарды қақты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, соның салдарынан кем дегенде 30-ға жуық адам зардап шеккен, жеті адам қатты жараланған, деп centralasian.org хабарлайды.  «Автокөлік жүргізушісін полиция ұстады» деп хабарлады неміс полициясы. Билік бұны әзірге теракт деп атаған жоқ, бірақ куәгерлер автокөлік адамдарды қатты жылдамдықпен соққанын айтып […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Ислам Джихады» лаңкестік ұйымы Израиль аумағын зымырандармен атқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. Израильдің оңтүстіктегі аймақтары Газа секторы тарапынан тағы да шабуылға ұшырады, деп хабарлайды 24.kz . Жексенбілік демалыстың шырқын бұзған дабылдан соң тұрғындар арнайы орындарды паналауға мәжбүр болды. Бұл жолы Израиль аумағын «Ислам Джихады» деп аталатын лаңкестік ұйым зымырандармен атқылады. Мәліметке қарағанда, Израиль жеріне 20-дай зымыран ұшырылған. Олардың онын елдің «темір күмбез» деп аталатын әуе қорғаныс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Трамп тәліптермен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы бастапқы бітім сақталса, ауған тәліптерімен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп centralasian.org хабарлайды.  23 ақпанда Үндістанға сапары алдында журналистер сұрағына жауап берген Трамп «Біз оларды [тәлібтер] келісім жасасқысы келеді деп санаймыз. Біздің де келісім жасасқымыз келеді. Менің ойымша, болатын сияқты, көреміз», — деді. Бұған дейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда ондаған мың есірткі таблеткалары тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. Түркияның құқық қорғау органдары құрамында есірткі заттары бар 32 мың 600 таблетканы тәркіледі. Бұл туралы  Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Журналистердің мәліметінше, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді алу жөніндегі арнайы операция Хатай провинциясында өтті. Рейд барысында екі адам қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, ел билігі соңғы уақытта есірткі саудасымен күрес жұмыстарын күшейтті. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның солтүстік-батысында полиция бес содырдың көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында атыс кезінде полиция бес содырды өлтірді, деп жазады Синьхуа агенттігі . Терроризмге қарсы басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, полиция қызметкерлері  елдің солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва провинциясының әкімшілік орталығында іздеу жұмыстарын бастады. Өкілдің айтуынша, атыс полиция қызметкерлері операция кезінде болжалды содырлардың панасына кіруге тырысқаннан кейін басталған , нәтижесінде бес содырдың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Израиль әскерилері жарылғыш зат қоймақ болған палестиналықтарға оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Израиль әскерлері Газа шекарасындағы бөлу қоршауына жарылғыш зат қойғысы келген палестиналықтарға оқ жаудырды, деп хабарлайды РИА Новости армияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біраз уақыт бұрын ЦАХАЛ әскери қызметкерлері Газа секторының оңтүстігінде қауіпсіздік қоршауына жақындап  жарылғыш қондырғы орната бастаған екі палестиналықты байқады. Оларға оқ атылды », — деді әскери қызметкерлер. Көздеген нысан жойылды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда зардап шеккендер саны жүз мыңнан асты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан.Ұйымның баяндамасында көрсетілгендей, БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясы есеп жүргізе бастағаннан бері  Ауғанстандағы қақтығыстарда соңғы 10 жыл ішінде 100 мыңнан астам адам жараланды немесе қаза болды, ал 2019 жылы өлгендер мен зардап шеккендер саны 10 мыңнан асты, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Мемлекеттік хатшы Майк Помпео атынан жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың 29 ақпанда «Талибан» қозғалысымен келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын айтқан болатын. Tolo […]
    • 4 Years ago
    • 0