Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның солтүстігінде террористтік топтың жетекшісі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Сирияның солтүстігінде «Аль-Каидамен» байланысты «Хурас ад-Дин» сириялық террористік тобының жетекшісі ұшқышсыз ұшақпен жойылды, — деп хабарлайды РИА Новости Sky News Arabia спутниктік телеарнасына сілтеме жасап. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жойылған террористтің аты — Абу Хадиджа әл-Урдуни. Операцияны Идлиб аймағында халықаралық коалиция күштері өткізді. Террорист автокөлікке жасалған әуе соққысы нәтижесінде жойылды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ешкім де өз балаларына осылай көмектеспейді — американдық психолог «Жусан» операциясы туралы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Босқындармен жұмыс жасаудың 25 жылдық тәжірибесі бар американдық психолог Стеван Вейн Қазақстанда ДАИШ  экстремистік ұйымының қатарында Сириядағы соғыс аймағында болған қазақстандықтардың әйелдерімен және балаларымен кездесті. Чикагодағы Иллинойс штаты университетінің психиатрия кафедрасының профессоры Ақтаудағы кең ауқымды оңалту орталығына барған алғашқы американдық маман болды. Соғыс қасіретін көрген кішкентай қазақстандықтардың ойлары мен олардың өз Отандарында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та ірі көлемде кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Америка Құрама Штаттарында құны 312 миллион доллар болатын кокаин тәркіленді, деп 24.kz хабарлайды.  Ресми ақпарларға сай есірткі Тынық мұхитының шығыс бөлігінде, контрабандамен айналысатын шағын бес қайықтан табылған. Айта кетейік, есірткіге қарсы операция қазан және желтоқсан айларында жүргізілген болатын. Қылмыскерлерді құрықтауға АҚШ әскери-теңіз флоты мен федералды агенттіктер қатысқан.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда екі тәжік содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының идеясын таратушы Абу Довуд ұсталып, Сириядағы Африн қаласының түрмесіне түсті. Бұл туралы түріктің TRT Haber телеарнасы сілтеме жасап centralasian.org  хабарлады. Душанбенің 35 жастағы тұрғыны Парвиз Саидрахмонов (Абу Довуд) жазда «Ислам мемлекеті» ұйымының Идлиб провинциясындағы соңғы бекінісі — Багуз елді мекенінен қашқан уақытта ұсталған. Саидрахмонов экстремистік ұйымға 2014 жылы қосылған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Австралияда ірі көлемде химиялық есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Австралия полициясы Кипрден келген жүктің ішінен ірі көлемде химиялық есірткі тапты, деп 24.kz хабарлайды.  654 келі жүк барбекю жасауға арналған пештердің түбіне жасырылыпты. Қылмыстық топ мүшелерін қолға түсіруге Кипрдің есірткімен күрес бөлімшесі көмектескен. Олар австралиялық әріптестеріне Лимассолдан Сиднейге бағыт алған кемеде ірі көлемде есірткі жасырылуы мүмкін екенін хабарлаған. Осыдан кейін Австралия полциясы портқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлардың Орталық Азияға шабуыл жасау қаупі әлі сақталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Ауғанстандағы жағдай нашарлай түсуде, Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Ауғанстанның солтүстігінде Орталық Азияға шабуыл жасау үшін күштерін шоғырландыруда, деп мәлімдеді бүгін Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  «Игилдер негізгі күш-жігерін қазірдің өзінде екі мыңнан астам содырлар жиналған Ауғанстанның солтүстігіне өтуге шоғырландыруда», – деп ескертті ол. Патрушевтің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дамаскте жарылыс салдарынан ер адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан. Дамаскіде ер адам көлігінің жарылысы салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Сирияның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап. «Көлік жүргізушісі террористер орнатқан жарылғыш құрылғыны жарылуы нәтижесінде  қайтыс болды», — деп хабарлайды телеарна. Оқиға астананың оңтүстігінде айналма жолдың маңындағы Нахр- Аиша аймағында болды, деп хабарлады телеарна. Шабуыл үшін жауапкершілікті бір де бір террористік топ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Башар Асад АҚШ әскери күштерін Сириядан шығару тәсілдерін атады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан. Сирия президенті Башар Асад АҚШ күштерін Сириядан шығару үшін лаңкестерді жойып, АҚШ-пен жұмыс істейтін жергілікті құрылымдарды Дамаск жағына тарту керек деп санайды. Ол бұл туралы Қытайдың«Феникс» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  «Біріншіден, Американың Сирияда болуы Сирия аумағында лаңкестердің болуынан туындаған. Сондықтан біз оларды жоюымыз керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Лаңкестерді жою […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Австралияда ұшақты жарып жібермек болған лаңкестер сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан. Австралияда 2 жыл бұрын ұшақты жарып жібермек болған ағайындылар сотталды, деп 24.kz  хабарлайды.  Сот Махмуд Хаятты 40 жылға, ал Халед Махмуд Хаятты 36 жылға бас бостандығынан айырды. Олар лаңкестіктік әрекетке дайындалып, қоғамда үрей туғызды деп айыпталған. Естеріңізде болса, 2017 жылы Австралия полициясы Сидней мен Абу-Даби арасында қатынайтын ұшақты жармақ болған бірнеше адамды ұстаған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Афиныда полиция ғимаратының жанында қолдан жасалған жарылғыш зат табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Грек полициясы Афинының шығысындағы полиция бөлімшесінің алдында табылған жарылғыш құрылғыны басқарылатын жарылыспен жойды, — деп хабарлайды РИА Новости Ekathimerini газетіне сілтеме жасап. Таймері бар  құрылғы  қарама-қарсы ғимараттың қабырғасына бекітілген қораптың ішіндегі металл құбырда болды. БАҚ-тардың хабарлауынша, бомбаның ішіндегі шегелер, шабуылдаушылардың жоспары бойынша, құрбандардың санын арттыруы керек еді. Терроризмге қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, […]
    • 4 Years ago
    • 0