Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Конгоның солтүстік-шығысындағы қарулы шабуылдан 46 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында Итури провинциясында Уганданың үкіметке қарсы тобы «Демократиялық күштер альянсы»  содырларының шабуылы салдарынан кем дегенде 46 бейбіт тұрғын, соның ішінде пигмийлер қаза тапты. Бұл туралы аймақтық Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Министрліктің хабарламасында, содырлар бейсенбіге қараған түні ауылға шабуылдады. Шабуыл болған жерде 46 бейбіт тұрғынның мәйіті […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петерборда лаңкестік шабуылдар дайындау ісі бойынша айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Екінші Батыс округтік әскери соты 2019 жылдың соңында Санкт-Петерборда лаңкестік шабуылдарды дайындағаны үшін ұсталған Никита Семеновты сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы оның адвокаты Леонид Крикунға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Сот үкімі — 8 жылға бас бостандығынан айыру», — деді агенттік сұхбаттасы. Адвокат сондай-ақ оның қорғалушысы «үкімге шағымданбауды сұрады» деп қосты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.Битлис провинциясында КЖП-ның жойылған үш содырының арасында аса қауіпті террористердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген Құрбан Пехливан болды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Елдің шығысындағы кең ауқымды операцияны 10-11 қаңтар аралығында жандармерия мен арнайы жасақтар ұшқышсыз ұшатын аппарат пен әскери әуе күштерінің қолдауымен өткізді. Құрбан Пехливанды ұстау немесе оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік шабуыл, 1 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар.  Лаңкестер жарылғыш затты таксиге орнатты, деп Кандагар полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Джемал Насыр Барикзейге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында бір адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды. Барикзейдің айтуынша, жарылыс Чоней үезінде болды: лаңкестер бомбаны таксиге орнатты. Әзірге ешқандай топ шабуыл үшін  жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сириядан қайтарылған өзбек азаматтары үйлеріне бет алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар.  Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мехр-3» гуманитарлық операциясының келесі кезеңі шеңберінде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Ташкент қалалық ішкі істер бас  басқармасының, елорда хокимиятының әріптестерімен бірлесіп Кибрай облысының «Бустон» лагерінен 17 азаматты (үш әйел, 14 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бес жетім баланы) олардың тұрғылықты жері бойынша жіберуді ұйымдастырды, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Малидің солтүстігінде жарылыс салдарынан БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Малидің Тимбукту аймағына жасалған террор шабуылында БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері  өлтірілді, 6 әскер жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі жасаған мәлімдемеде әскерлердің Тимбукту-Дуэнца аумағында шабуылға ұшырағаны жөнінде ақпарат түсті. Шабуылда БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза тауып, 6 әскердің жарақат алғаны білдірілді. БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі басшысы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның оңтүстігінде мина жарылысынан екі бала қаза тапты, 10 жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.  Сирияның оңтүстігіндегі Шейх-Мискин қаласында 12 бала ойнап жүріп, мина басып кеткен. Балалардың екеуі жарылыс орнында қаза тапты, деп  Azattyq Rýhy ақпараттық ресурсына сілтеме жасап ERNUR.KZ  жазады. «Деръа провинциясындағы Шейх-Мискин қаласында лаңкестер көміп кеткен мина жарылысы салдарынан екі бала қаза тапты, қалған 10 бала түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді», — деп жазады агенттік. Елдімекендерді тастап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ-тың 7 содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.  Ирактың Киркук қаласында ДАИШ-ке қарсы басталған операцияда 7 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ирактың Киркук қаласы ауылдық аймағында ДАИШ террористік ұйымына қарсы басталған операцияда 7 террорист залалсыздандырылды. Киркуктің оңтүстігіндегі Хавидже ауданы маңында ДАИШ террористік ұйымына бағыттап операциялар басталды. АҚШ басшылығындағы Халықаралық коалиция күштері әуеден қолдау берген операцияларда Шай алқабы маңында ДАИШ террор ұйымына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Израиль әскери күштері Сирияға әуе шабуылын жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru-ға  сілтеме жасап azattyq-ruhy.kz хабарлайды. «Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», — деп хабарлайды жергілікті Ikhbariya телеарнасы. Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Еске салайық, Израиль әскери күштері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Помпео: Кубаны «террорға қолдау берген елдер» тізіміне қайтадан енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Барак Обама билігі кезінде қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесінде» террорға қолдау берген елдер тізімінен» шығарған Кубаны қайтадан тізімге енгізді, деп хабарлайды TRT агенттігі.  Майк Помпео «Кастро режимі халықаралық терроризмге берген қолдауын үзуі керек» деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл туралы жазбаша мәлімдеме жасады. Помпео мәлімдемесінде «Сыртқы істер министрлігі […]
    • 3 Years ago
    • 0