Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерия әскерилері елдің солтүстік-батысында 30 содырдың көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Абуджадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Нигерия әскерилері 17 қаңтарда елдің солтүстік-батысында орналасқан Замфара штатында 30 содырды өлтірген. Бұл туралы Нигерия қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Әскери қызметшілердің мәлімдемесі бойынша, жексенбі күні  олар Замфара штатындағы жолда көптеген тоналған малды алып жүрген содырлар тобын кездестіріп, қылмыскерлерді қуып, атысқа кірісті. Қақтығыс кезінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ирактың орталық аймағы әуе шабуылына ұшырады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Ирактың орталық Бабил провинциясының солтүстігінде орналасқан Джурф ан-Наср қаласының ауданы әуе шабуылына ұшырады. Бұл туралы Ливанның Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Телеарнаның ақпараты бойынша, соққы аумағы Ирак қарулы күштерінің бақылауында. Телеарнаның дереккөздері дүйсенбіге қараған түні АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің ұшақтары Сириямен шекараға жақын орналасқан Эль-Каим қаласының аспанында көрінгенін де атап өтті. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны террорист-туысына жәрдемдескені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Дағыстанда жергілікті тұрғын Солтанбий Биймурзаев терроризмді қаржыландыру бабы бойынша күдікке ілінген . Ол Сирияда содырлар жағында соғысқан туысына көмек көрсетті, деп 19 қаңтарда Солтүстік Кавказ федералды округі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлады. Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың мамыр айында айыпталушы Мәскеуде жүргенде «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (ҚР […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 6 әскери қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Сомалиде «Аш-Шабаб»  ұйымы  Төменгі Шабалле қала әкімі Абдулкадир Сидидің конвойына ұйымдастырылған қарулы шабуылда 6 әскери қаза тапты, деп хабарлайды TRT. Қауіпсіздік қайнар көздерінен алынған мағлұматқа қарағанда Сиди мінген конвой кеше таңғы уақыттарда әужайына бара жатқан кезде қарулы шабуылға ұшырайды. Шабуылда Сиди аман-есен құтылса, 6 әскери қызметкер қаза тапты және 4  жарақат алды.Жарақат алған әскерилер тікұшақпен  Могадишоға жеткізілді. Шабуылдың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылдары кезінде 11 «Талибан» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Жексенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясындағы Рагистан аймағында тәлібтердің жиыны өтіп жатқан кезде әскери авиацияның әуе шабуылынан барлығы 11 содыр өлтірілді, тағы үшеуі жараланды. Бұл туралы елдің қарулы күштеріне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» содырларының тобы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасау үшін Рандихан ауданына жиналған, бірақ Ауғанстан армиясының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері КЖП-ның тоғыз содыры Түркия билігіне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар.  2021 жылдың басынан бастап өз еріктерімен қаруларын тастап, түрік билігіне берілген лаңкестер саны тоғызға жетті. Бұл туралы Anadolu Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды . Министрліктің хабарлауынша, КЖП-ның тағы 5 лаңкес өз еріктерімен беріліп тізе бүккенн, соның ішінде қылмыстық топтың қатарында 28 жыл бойы әрекет еткен  содырлар да бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Аль-Каидамен» байланысы бар содырлар Малидегі террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар.  «Аль-Каидамен» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) байланысты «Джамағат Наср Аль-Ислам Ва Аль-Муслимин» 2021 жылы 8 қаңтарда Малидегі теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM агенттігі  хабарлады. Журналистердің айтуынша, ұйымның содырлары Францияның Малидегі «Бархан» терроризмге қарсы операциясына қатысқан француз әскерлерінің жаралануы мен  бейбіт тұрғындардың өлімі үшін жауапкершілікті өз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: АҚШ Ауғанстан мен Ирактағы әскери қызметшілердің санын қысқартты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар.  АҚШ Қорғаныс министрлігі жұма күні Ауғанстан мен Ирактағы американдық әскери контингенттің әр мемлекетте 2,5 мыңға дейін қысқарғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланған Пентагон басшысының міндетін атқарушы Кристофер Миллердің мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды.  «Бүгін Америка Құрама Штаттары Президент Трамптың нұсқауымен Ирактағы әскер санын 2 500 адамға дейін қысқартты», — делінген баспасөз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ әділет министрлігі YPG-ді КЖП-ның еншілес ұйымы деп таныды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. АҚШ әділет министрлігі мәлімдеме жасап, «Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын» (YPG) «Күрдістан жұмысшы партиясының» (КЖП/РКК) террористік ұйымының бөлімшесі екенін мойындады, деп хабарлайды Aнадолу агенттігі. 10 қаңтарда Флорида штатының заң шығарушы органына жасалған шабуыл туралы мәлімдемеде қылмысты жасағандардың бірі Даниел Бейкердің YPG-мен байланысы бар екендігі көрсетілген. «Ол әлеуметтік желіде өзін YPG-ның мергені деп мәлімдеді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба орнатылған көлік жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сенбі  күні Кабулда қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полициядағы дереккөз бомба қызметтік көлікке қойылған деп мәлімдеді.
    • 3 Years ago
    • 0