АЛМАТЫ, 20 қазан. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ТҚО. Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қикімов деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға қатысты, оның ішінде «Ақниет» ақпараттық-профилактикалық оңалту орталығы» қоғамдық қорының теолог мамандарын тарту арқылы жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелерімен таныстырды. Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дархан Қанатбеков бөлімшенің […]