Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алеппода мина жарылысынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Сенбі күні Сирияның экономикалық астанасы —  Алеппоның батысындағы Миньян ауылында жұмысшылар мінген автобус минада жарылды. Бұл туралы Syria үкіметтік телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Телеарнаның ақпараты бойынша, кем дегенде бір сириялық қаза болды. Тағы бірнеше адам жарақат алды, олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер жергілікті ағаш кесетін зауытта […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде содырлардың шабуылы салдарынан бес әскери қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы Хаваджа-Гар аймағындағы армия бекеттеріне «Талибан» содырларының шабуылы кезінде бес әскери өлтірілді. Бұл туралы жергілікті шенеунік Мохаммад Омарға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Қаруланған содырлар сенбі күні таңертең аудандық штабтың сыртындағы Хава Шинаси аймағындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасады, атыс басталды, деп мәлімдеді шенеунік. Ұрыс кезінде бес сарбаз қаза […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясының аймағына енуге тырысқан КЖП лаңкестік  ұйым мүшелері залалсыздандырылды, деп TRT жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігі КЖП (PKK/YPG) лаңкестік ұйымның 14 мүшесінің залалсыздандырылғанын хабарлады.  Министрлік әлеуметтік желідегі хабарламасында «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағында лаңкестік ұйымына тыныштықты бұзуға жол берілмейтінін білдірді. Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігін «Бейбітшілік бұлағы» операция арқылы терроризмнен тазалаған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Өзбекстан ислам қозғалысының» жетекшісінің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясында «Өзбекстан ислам қозғалысы» халықаралық лаңкестік ұйымының жетекшісі Азиз Юлдаштың көзін жойды, деп Ауғанстан Ислам Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады.  «Өзбекстан ислам қозғалысының»* басшысы Азиз Юлдаш өлтірілді. Оның ұлы Хикмат Фарьяб провинциясының Гормач аймағында Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің әрекеті нәтижесінде жарақат алады. Азиз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда әскери операциясы кезінде «Боко Харамның» бірнеше содырлары жойылған

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.  Нигерия әскери-әуе күштері елдің солтүстік-шығысындағы «Боко Харам» бекіністеріне шабуыл жасап, бірнеше содырды өлтірді. Бұл туралы Нигерия қарулы күштерінің ресми өкілі Джон Эненчеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.  «Ұлттың  барлық дұшпандары бейтараптандырылмайынша және барлық тынышсыз  аймақтарда қалыпты өмір қалпына келтірілмейінше Нигерияның қарулы күштері шегінбейді», — деп толықтырды Дж.Эненче. Оның айтуынша, операция сейсенбі күні […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ИМ Джидда қаласындағы зиратта болған лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.  «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы (ҚР тыйым салынған ұйым) Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы зиратқа жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп НСН жазады. Интерфакстың хабарлауынша, топпен байланысты Telegram-каналдарында ИМ мүшелерінің Джиддаға жарылғыш құрылғы орнатқаны туралы ақпарат пайда болды. Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы мұсылман емес зиратта жарылыс сәрсенбі күні 1918 жылғы Компьене бітіміне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Ер есімі — ел есінде!»: Ел тыныштығы үшін жанын қиған Ғазизді әріптестері ұмытпайды

    ТАРАЗ, 12 қараша. 2020 жылдың 12 қарашасы күні  сағат 10.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінде Халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ғ.Байтасовтың туыстары, Жамбыл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Салтанатты митинг Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гаагада белгісіз біреулер Сауд Арабиясының елшілігінің ғимаратына оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Нидерланды полициясының хабарлауынша, тәртіп сақшыларына Гаагадағы Сауд Арабиясының елшілігі орналасқан ғимарат жанында бейсенбі күні таңертең атыс туралы ақпарат түскен. Голландиялық De Telegraaf газеті ғимараттың терезелерінің бірінде оқ тиген  тесіктері көрінетін фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды ТАСС. Сауд Арабия билігі Гаагадағы патшалық елшілігіне жасалған шабуылды қатал айыптады. Тиісті мәлімдемені Нидерландыдағы Сауд Арабиясының дипломатиялық миссиясы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бішкек ІІББ Қырғызстанда тыйым салынған ұйымдардың тізімін таратты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Бішкек ІІББ Қырғызстанда тыйым салынған діни, экстремистік және террористік ұйымдардың тізімін баспасөз қызметі жариялады,  деп жазады Sputnik Қырғызстан. Тізімге келесі ұйымдар кіреді:   «Аль-Каида» — Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен террористік ұйым деп танылды; «Талибан» қозғалысы – Первомай аудандық сотының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен террористік ұйым […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түрік армиясы Сирияда 26 лаңкестің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. Сирияның солтүстігіндегі Расулайн және Талль-Абъяд аймақтарында бір тәулікте 26 лаңкес залалсыздандырылды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі  хабарлады. Мекеме мәліметінше, КЖП лаңкестерінің сириялық қанатының содырлары түрік әскерилерінің орналасқан жеріне шабуыл ұйымдастыруға дайындалып жатқан. Қорғаныс министрлігі Сириядағы терроризмге қарсы операциялар аймақтарында бейбітшілік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бел буғанын атап […]
    • 3 Years ago
    • 0